Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды •

    Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті

    Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті. Саяси доданың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 58,55% дауысына ие болған.  Францияда өткен президент сайлауының екінші турында елдің  қазіргі президенті Эммануэль Макрон жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq.Totay ақпараттық агенттігі.

    Саяси доданың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 58,55 процент дауысына ие болды. Осылайша, Макрон – президенттік лауазымда екінші мерзімге сайланған Францияның үшінші президенті. Ал сайлауда Макронның басты қарсыласы әсіре ұлтшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Лё Пен 41,45 процент дауыс жинаған. Ле Пен жеңілгенін мойындап, саяси күресін парламент сайлауында жалғастыратынын мәлім етті.

    «Сіздер гуманистік жоба, еліміздің тәуелсіздігіне бағытталған биік мұрат пен Еуропаның игілігі үшін дауыс бердіңіздер. Республикалық құндылықтар, әлеуметтік-экологиялық оңды жобына таңдадыңыздар. Бұл іс жанкеншті адал еңбек пен жасампаздыққа негізделген. Біз мәдени және кәсіпкерлік жағынан күшейе түсеміз. Республика жасасын! Франция жасасын!», — деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

    Айта кетейік, Францияда мемлекет басшысы жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Елде 49 миллионға жуық азаматтың дауыс беру құқығы бар. Осы жолы оның 63 проценті ғана сайлауға қатысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →