Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Талғарда әкесінің қабіріне барған жігітті пышақтап өлтіргендер сотқа тартылды • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді •

    Макронға адам саусағы салынған хат келді

    Франция президенті Эммануэль Макронның Париждегі ресми резиденциясы – Елисей сарайына адам саусағы салынған хат келген, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Бұл туралы Valeurs Actuelles басылымы хабарлады.

    Ақпаратқа сәйкес, 9-10 шілдеде сарайдың хат-хабар қызметіне пошта арқылы хат келіп түскен. Оны ашқанда адамның кесілген саусағы шыққан. Оқиға 14 шілдеде дәстүрлі түрде тойланатын ұлттық мереке – Бастилияны басып алу күні қарсаңында болған.

    «Саусақ полицейлердің азық-түлік сақтайтын тоңазытқышына қойылды», — делінген хабарламада.

    Басылымның атап өтуінше, тәртіп сақшылары кейін саусақ иесін тапқан. Бірақ оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

    Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →