Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді •

    «Қатаң жазаланады»: Балалы адамды ұрып жыққан боксшы Бейбіт Шүменовтың әрекеті ІІМ министрлігінің бақылауында

    Астанадағы сауда-ойын орталықтарының бірінде баласын қолымен көтеріп жүрген ер азаматты ұрып жыққан белгілі боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Үкіметтің кулуарында болған жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rudy.-на сілтеме жасап.

    Жуырда әлеуметтік желіде елордадағы сауда-ойын орталықтарының бірінде екі ер азаматтың жаға жыртысқан видеосы тарады. Кадарлардан кафеде тамақтанып отырған азаматтың орнынан тұрып, көрші үстелде баласын қолында ұстап отырған ер кісіні жұдырықпен ұрғанын көруге болады.

    Белгілі болғандай, жұдырығын ала жүгірген азамат танымал боксшы Бейбіт Шүменов болып шықты. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев растады.

    «Иә, растаймыз, бұл бойынша қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бұзақылық бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлығын сараптама көрсетеді. Шүменов масаң күйде болған жоқ», — деді ол.

    Сондай-ақ журналистер Қайрат Сүнтаевтан болған жайттан қылмыстық әрекеттерді байқамаған учаскелік инспекторға қатысты қандай шара қолданылатынын сұрады.

    «Қызметтік тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады. Жуырда ғана министр бұл мәселені көтерді, ол жазаланады. Видеодағы бүлдіршін зардап шеккен жоқ, менің білуімше, жәбірленуші ер азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді», – деді вице-министр.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →