Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді •

    Өткен демалыста Алакөлге 4 адам батып кетті

    Өткен демалыс күндері Алакөлдің Жетісу облысындағы бөлігінде 3 суға бату дерегі болып, 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.

    Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері соның біреуін ғана тіркеген. Қалған екі оқиға бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені бір ер адам түнгі сағат үште қайықтан киімшең суға құлап кетіп, мерт болған. Сондықтан бұл оқиғада қылмыстық құрам болуы әбден мүмкін.

    Ал екінші келеңсіз жағдай шомылуға арналмаған орында болды. Шатыр ішінде ұйықтап жатқан баланы жел көтеріп әкетіп, әкесі ұлын өз бетінше құтқаруға тырысқан. Өкініштісі әкелі-балалы екеудің де ажалы судан болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көл жағалауына демалуға барғанда ішімдік ішпеу керектігін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.

     «Ол жағдайлар бойынша алғашқы материал жиналып, полиция қызметкерлеріне тергеу жүргізу үшін жолданды. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, сол сараптамалардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады. СКЛ. Киіммен суға батқан жағдайда ол бізге есепке келеңсіз жағдай ретінде тіркеледі», — дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →