Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді

    Боксшы Шүменов елорда тұрғынын соққыға жықты

    Бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы мейрамханалардың бірінде тұрғынды соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Полицияның дерегінше, 18 маусым күні 102 пультіне «Мега Силкуей» сауда ойын-сауық орталығынан екі ер адамның жұдырықтасып қалғаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Астана тұрғыны Әзизбек Қадыров деген азаматтың төбелескенін анықтады. Елорда тұрғыны дене жарақатын алған. Ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Олардың төбелесіне балаларының ойын алаңында жанжалдасып қалғаны себеп болған. Әкелері араша түсем деп, керісіп, ақыры төбелесіп тынған.

    Бұл оқиға видеоға түсіп қалды, кейін әлеуметтік желіге тарады.

    Полиция бұзақылық бабы бойынша істі тіркеген.

    Айта кетсек, ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам 2 мың АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе  түзеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →