Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді •

    Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды

    Алматының Наурызбай аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

    Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды.

    Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменов әуежайды басып алды деген айып тағылған.

    Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 — бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен «КазАэроНавигация» РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сотталушыларды қолдауға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың көпшілігі белсенділерді босатуды талап еткен плакаттар көтеріп келді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →