Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды

    Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымын сот өзгеріссіз қалдырды

    1 шілдеде Жетісу облысының облыстық соты Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарады. Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпараттық порталы. 

     «Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды»,- деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан  Орынбасаров.

    Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, Полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Бүлікшілер сол жерден қару-жарақ ұрлап кеткен.

    Жақында сот үкімімен Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →