Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың сахналық образын сынға алды
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Кешью» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденованың сахналық образын сынға алды. Әншінің пікірі желіде мыңдаған лайк жинады.
Фото: коллаж Sn.kz
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Кешью» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденованың сахналық образын аяусыз сынға алды. Әншіге Меденованың сахнада киген киімі ұнамай қалған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің пікірін ұнатып, мыңдаған лайк басқан.
