Димаш Құдайберген Селин Дионға алғыс айтты
Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Селин Дионға алғыс айтып, оны миллиондаған жүрекке жеткен ұлы дауыс иесі әрі ұрпаққа шабыт сыйлаған ұлы әртіс ретінде бағалады.
Видеодан кадр
Ұлы дауыс миллиондаған жүрекке жетеді. Ұлы әртіс ұрпаққа шабыт сыйлайды. Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әлемге әйгілі әнші Селин Дионға жылы лебізін білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Әнші Instagram желісінде жариялаған видеосына «A great voice can touch millions of hearts. A great artist can inspire generations. Thank you for being both, dear Céline. ❤️ @celinedion» деп жазды.
Жарияланымда Димаштың Селин Дионмен бірге түскен видеосынан кадр ұсынылған.
