Бағлан Әбдірайымов әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарына таңғалды
Әнші Бағлан Әбдірайымов концертке шақырылатын әншілердің 5 миллион теңгелік гонорарын естіп, таңғалғанын Instagram парақшасында жазды.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Әнші Бағлан Әбдірайымов бір концертке өнер көрсетуге шақырылатын әншілердің гонорары жайында пікір білдірді. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі концертке әншілерді шақыру үшін гонорар сұрағанын айтып, аталған жағдайға таңғалғанын жеткізді.
«Бір концертке әншілер шақырып берейін деп, гонорарларын естіп, өзім шошып кеттім. «5 миллион теңге» дейді. Ал мен болсам, 500 мың теңгені де дірілдеп, ұялып әрең сұраймын. Әркімнің өз бағасы бар ғой, бірақ осы тұста өзімді біртүрлі сезініп қалдым», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
