Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді
Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Рахмоновқа жарақатынан айығып, қайта оралуды ұсынды.
Сурет: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, ресейлік файтер Ислам Махачев қазақстандық Шавкат Рахмоновпен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Махачевтің айтуынша, Рахмонов алдымен жарақатынан толық айығып, қайтадан жекпе-жектерге оралуы керек.
«Оны таңдап алып, бір жарым жыл бойы қалпына келгенін күту керек пе? Қалпына келсін, содан кейін үміткерлердің бірі болады. Мен онымен ешқашан төбелеспеймін деп айтқан емеспін. Қалпына келіп, келсін», – деді Махачев.
Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанынан бері ресми жекпе-жек өткізген жоқ. UFC 310 турнирінде ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жеңіліссіз сериясын сақтап қалған.
Ал Ислам Махачев соңғы рет 2026 жылғы 16 тамызда октагонға шықты. UFC 330 турнирінде ол Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
