Қазақстанда бір тәулікте төрт орман өрті тіркелді
7 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қорында төрт орман өрті тіркелді. Өрттер ШҚО, Қостанай облысы және Көкшетау ұлттық паркінде болған. Барлығы дер кезінде сөндірілді.
Сурет: pixabay.com
7 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті болғаны анықталды. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өрт ошақтарының бірі Шығыс Қазақстан облысында, екеуі Қостанай облысында, ал тағы біреуі Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тіркелген.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандарының әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы арқасында өрттер дер кезінде анықталған.
Тілсіз жауды сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды.
Жедел шаралардың нәтижесінде барлық өрт толық сөндіріліп, жалынның таралуына жол берілмеген. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.
Мамандар тұрғындарды орман аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
