Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады

    Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

    Қазақстан Көшпенділер ойындарында медаль саны бойынша көш бастады

    Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топтық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл дода Қырғызстанда өтіп, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында жалғасты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық спортшылардың қоржынына 74 медаль түсті: 32 алтын, 20 күміс және 22 қола. Осылайша, олар жалпыкомандалық есепте алда келеді. Екінші орындағы Қырғызстан спортшылары 30 алтын медаль иеленсе, үшінші орынға жеті алтын жүлдемен Ресей құрамасы тұрақтады.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы сынды ұлттық спорт түрлерінен анықталды.

    Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →