Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жәнібек Әлімханұлы көкпаршыларға сәттілік тіледі

    Бокстан бұрынғы чемпион Жәнібек Әлімханұлы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалға шыққан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

    Жәнібек Әлімханұлы көкпаршыларға сәттілік тіледі

    Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

    Бокстан әлемнің бұрынғы екі дүркін чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шыққан көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бас жүлде үшін Қырғызстанмен кездесетін жігіттерге боксшымыз сәттілік тіледі. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыларға жазба арнады.

    – Қырғызстанда еліміздің намысын қорғап жатқан рухы мықты спортшыларымызға тек сәттілік серік болсын. Көкпаршыларымыздың финалға шыққанына қуаныштымыз. Жарақатсыз жеңіске жетуді, аттардың сүрінбеуін тілейміз. Бүкіл жан-тәнімізбен жанкүйерміз, — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

    Айта кетейік, турнирдің бас финалында Қазақстан құрамасы дода қожайындары Қырғызстан командасымен алтын жүлдені сарапқа салады.

    Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан 4 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →