Зулфия Төленоваға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
Зулфия Төленова 4 жылға сотталды. Ол Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған. Сот үкімі шығып, апелляциялық шағым түсірілді.
Фото: әлеуметтік желі
Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Жыл басында іс қозғалып, кейін сотталушыға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алайда Төленова сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы жақын күндері өтеді.
Ал Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, көңіл-күйлері жақсы екені айтылды. Апелляциялық соттың шешімі шыққаннан кейін іс бойынша қосымша ақпарат жарияланбақ.
