Эстонияның жаңа президенті – Юлле Мадизе
Эстония парламенті әділет канцлері Юлле Мадизені ел президенті етіп сайлады. Ол 71 дауыспен жеңіске жетті. Жаңа президент 12 қазанда ант береді.
Сурет: oiguskantsler.ee
Эстонияның Рийгикогу (парламенті) әділет канцлері Юлле Мадизені елдің жаңа президенті етіп сайлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жасырын дауыс беруде оның кандидатурасын 71 депутат қолдады. Президент болу үшін кемінде 68 дауыс қажет еді.
51 жастағы Юлле Мадизе – заңгер. Ол бұған дейін Әділет министрлігінде, Рийгикогу конституциялық комиссиясында, Мемлекеттік бақылау басқармасында жұмыс істеген, сондай-ақ президенттің заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі болған.
2015 жылдан бері ол Эстонияның әділет канцлері қызметін атқарып келеді. 2021 жылдың соңында ол екінші мерзімге қайта сайланған болатын.
Юлле Мадизенің кандидатурасын Рийгикогу депутаттары ұсынды. Олардың қатарында Реформалар партиясы, Eesti 200, Isamaa, Социал-демократиялық партия өкілдері және фракцияға кірмейтін депутаттар бар.
Жаңа президент 12 қазанда Рийгикогу алдында Эстония халқына ант береді. Осыдан кейін ол ресми түрде қызметіне кіріседі.
Юлле Мадизе Эстония тарихындағы екінші әйел президент атанды.
