Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді Қазақстанда геологиялық зерттеу ауқымын арттыру жұмыстары жүріп жатыр «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады

    Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді

    Қазақстанда 2029 жылға дейін 8 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылады. Жоба құны 1 трлн теңгені құрайды.

    Қазақстанда сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: 8 мың шақырым желі жөнделеді

    Сурет: egemen.kz

    2029 жылға қарай Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 8 мың шақырымы жаңғыртылмақ. Бұл — «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы жоспар, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жобаның басты бағыттарының бірі — сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту. Бұл бағытта коммуналдық желілерді, сорғы стансаларын, су қабылдау құрылыстары мен кәріздік-тазарту нысандарын реконструкциялау және салу, сондай-ақ заманауи есепке алу мен автоматтандыру жүйелерін енгізу көзделген.

    Жобаның жалпы құны шамамен 1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 0,7 трлн теңге, су бұру желілеріне 0,4 трлн теңге бөлінеді. Атап айтқанда, 5 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желісі мен 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады.

    Өңірлерде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Орал қаласында нысандарға мониторинг жүргізіліп, жерасты су жинау алаңын кеңейту, кәріздік және көтергіш сорғы стансаларын реконструкциялау жұмыстары атқарылуда. Бес су қабылдау ұңғымасын салу жобасы аясында барлық 5 ұңғыма бұрғыланды, сумен жабдықтау желілерін тарту 95 пайызға орындалды — 2,8 км су құбыры тартылды. Нысанның жалпы дайындығы 77 пайызды құрайды. ҚАСС-20 нысанында 822 қума метр құбыр төселсе, Шаған өзені мен Ревунок жылғасы арқылы ұзындығы 473,2 қума метр екі өткел көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен салынды. Ауыз су резервуарларын реконструкциялау 50 пайызға орындалды.

    Жыл соңына дейін ұлттық жоба аясында 1,9 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда.

    Сондай-ақ кәріздік-тазарту құрылыстарын жаңғыртуға ерекше назар аударылады. Жоба аясында жалпы құны шамамен 0,8 трлн теңге болатын 45 кәріздік-тазарту құрылысы жобасы іске асырылмақ.

    Бұл іс-шаралар инженерлік желілердің тозу деңгейін 2029 жылға қарай 40 пайызға дейін төмендетуге, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сенімділігі мен үздіксіздігін арттыруға, апаттылық пен технологиялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

    Осылайша, ұлттық жоба коммуналдық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, халыққа көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасы мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →