«Дұғада болыңыздаршы»: Анна Данченко анасының сырқаттанып қалғанын айтты
Фото: Жеке парақшасынан
Танымал журналист Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасының денсаулығына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Журналист анасының кенеттен ауруханаға түскенін айтып, оқырмандарынан дұғада болуды сұрады.
«Анам ауруханаға түсіп қалды. Дұғада болыңыздаршы. Мен жолға шықтым. Елге аман-есен жетейін. Жүрегім жарылардай. Алда 22 сағат. Көз жасым тоқтамай тұр. Анамның жағдайы ауыр. Хабарламаларыңыз бен қоңырауларыңызға жауап бере алмасам, ренжімеңіздер», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары тележүргізушіге қолдау білдіріп, анасының тезірек сауығып кетуін тіледі.
