Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады?

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған тұрғын мен полицей алғыс хатпен марапатталды. Оқиға 16 тамызда болды, бала аман-есен анасына табысталды.

    Атырауда 3 жасар баланы құтқарған азамат пен полицей марапатталды

    Сурет: turkystan.kz

    Атырау облысының полиция департаментінде бала қауіпсіздігіне бейжай қарамаған тұрғын мен жедел әрекет еткен полиция қызметкері алғыс хатқа ие болды. Бұл марапаттау рәсімін департамент бастығы Оңал Бекеев жүргізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 16 тамызда таңертең болған. Атырау қаласындағы саябақта жалғыз жүрген 3 жасар бүлдіршінді байқаған Арман Вилориевич есімді тұрғын бірден «102» арнасына хабарласқан.

    Полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиев шақыртуды алған соң 10 минут ішінде оқиға орнына жетіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Кейін анасы анықталып, бала аман-есен табыс етілген.

    Департамент бастығы азаматтың жауапкершілігі мен полицейдің кәсіби әрекетін жоғары бағалап, бұл оқиға бала қауіпсіздігіне қатысты әркімнің қырағылығы маңызды екенін көрсеткенін атап өткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →