Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді Қазақмыс ЖМЗ-ның газ тазарту жүйесін соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғырту жұмысын бастайды

    Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр?

    Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр?

    Қазақстанда ғылымға бөлінетін гранттар саны артқанымен, ғылыми жобаларды нақты өндіріске енгізу көрсеткіші әлі төмен. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде елде 2200-ге жуық гранттық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Министр грант санының көбеюін ғылымды қаржыландыру көлемінің артуымен байланыстырды. Алайда зерттеуді дайын өнімге айналдырып, нарыққа шығаруға бағытталған коммерцияландыру гранттары көп емес.

    Саясат Нұрбектің сөзінше, соңғы 4–5 жылда 214 жобаға коммерцияландыру гранты берілген. Бұған дейін Ғылым қорының жұмысы тоқтап, мұндай гранттар біраз уақыт мүлде бөлінбеген.

    Коммерцияландыруды қаржыландыру 2021–2022 жылдары қайта қолға алынған. Қазір бұл бағытты кеңейту үшін заңнамаға өзгерістер енгізіліп, гранттың жаңа түрі қарастырылғанын министр мәлімдеді.

    Яғни ғылымға мыңдаған жоба бойынша қаржы бөлінгенімен, зерттеулерді нақты өндіріске жеткізу мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →