Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен W35 турнирінде жеңімпаз атанды. Финалда ол қытайлық Юфей Ренді 7:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды

    Сурет: turkystan.kz

    20 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлемдік рейтингте 450-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда WTA рейтингінің 332-сатысындағы Қытай өкілі Юфей Ренмен кездесті. Матч екі сетке созылып, Жиенбаева 7:6 (8:6), 7:5 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 46 минут өткізді. Бірінші партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталды, ал екінші сетте де қазақстандық спортшы басымдығын сақтап қалды.

    Бұл Жиенбаева үшін World Tennis Tour турнирлеріндегі қатарынан екінші титул. Бір апта бұрын ол Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы жарыста топ жарған еді. Сол финалда Соня болгариялық Изабелла Шиникованы жеңген болатын.

    Осылайша, Жиенбаева Испанияда екі апта ішінде қатарынан екі титулды – Оренседегі W75 және Вигодағы W35 турнирлерінің чемпиондық атағын жеңіп алып, кәсіби деңгейде сәтті өнер көрсете білді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →