Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды

    Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінде алтын белбеу иеленіп, 15 млн теңге жүлде алды. Турнирдің қола жүлдесі Нұрсұлтан Қожагелдіұлына бұйырды.

    Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды

    Сурет: turkystan.kz

    Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Турнир барысында Қазақстан Республикасының спорт шебері жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, еліміздің үздік балуандарымен тең дәрежеде белдесе алатынын дәлелдеді. Жартылай финалда ол Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалиды («Өтей») жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

    Финалда дебютант Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінің танымал балуандарының бірі Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті. «Қазақстан Барысы – 2023» турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі қарсыласымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабында алғаш рет Qazaqstan Barysy алтын белбеуінің иегері атанды. Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы – Qazaqstan Barysy – 2026 турнирінің ең жас қатысушыларының бірі. Соған қарамастан, ол алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алып, ел балуандарының жаңа буынының әлеуетін айқын көрсетті.

    Турнирдің қола жүлдесін Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы («Батыр») жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалидан басым түсті.

    Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 миллион теңге табысталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →