Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады •

    Әйел ауыр жарақат алған: Шымкентте ер адам экс-жұбайының бетіне қышқыл шашқан

    Әйел ауыр жарақат алған: Шымкентте ер адам экс-жұбайының бетіне қышқыл шашқан
    Фото: «Криминальный Казахстан»/Telegram

    Шымкентте ер адам бұрынғы жұбайының бетіне қышқыл шашып жіберген. Салдарынан әйел адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    Желідегі мәліметке сүйенсек, ерлі-зайыптылар шамамен бес жыл бұрын ажырасып кеткені белгілі. Олардың ортақ баласы бар. Әйел адам бүгінге дейін сұлулық салонында жұмыс істеп келген.

    Шабуыл жасалған күні экс-күйеуі оған басқа нөмірден хабарласып, өзін клиент ретінде таныстырған. Ол әйелден кешкі уақытта қабылдауын сұраған. Ал келгеннен кейін арнайы дайындап келген қышқыл сұйықтығын әйелдің үстіне төккен.

    Жәбірленушінің басы, беті, мойны, кеудесі, қолы, арқасы мен иығы қатты күйіп қалған. Қазір ол ауруханада жатыр.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға несие мен алимент төлеуге қатысты мәселелер себеп болуы мүмкін.

    Ер адам ұсталды. Оқиға бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →