Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді

    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Фото: depositphotos.com

    Көкшетау мен Зеренді арасындағы тасжолда Mini Cooper және Audi маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат агенттігі.

    Полицияның алдын ала мәліметінше, Mini Cooper көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Audi көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал Mini Cooper көлігіндегі тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.  Mini Cooper жүргізушісі ұсталды.

    Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Жол апаты туристердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қайта жаңғыртылып жатқан тасжол учаскесінде болған. Жоба аясында жолды кеңейтіп, үш жолақты реверсивті қозғалыс енгізу жоспарланған. Алайда жұмыстар әлі аяқталмаған.

    Қазір жолдың басым бөлігінде жолақ белгілері жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →