Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Алматы полициясы Бесағашта дүкен автотұрағында бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған ер адамды анықтады. Ол Медеу ауданында тұрады.

    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Бесағашта дүкеннің автотұрағында тұрған бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған ер адамды полиция анықтады. Оқиға орнынан түсірілген видео қыздың Threads желісіндегі парақшасында жарияланған.

    Оның айтуынша, MAGNUM дүкенінің маңында оған мас күйіндегі егде жастағы ер адам жақындап, әдепсіз сөздер айтып, интимдік қатынас ұсынған. Қыз мұндай таныстыққа қызықпайтынын білдіргенімен, ер адам әрекетін тоқтатпаған.

    Жарияланған жазба Алматы қаласы Полиция департаментінің назарын аударған. Анықталғандай, ер адам Алматының Медеу ауданында тұрады.

    «Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі видеодан оның кім екенін жедел анықтап, бөлімге жеткізді. Ер адамның арнайы медициналық есепте тұрғаны белгілі болды. Осыған байланысты жедел жәрдем шақырылды», – деп хабарлады ведомство.

    Соған қарамастан, ер адам өз әрекеті үшін жауап береді. Полиция оның заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →