Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • «Пайызсыз» дегеннің нақты бағасы 37 пайыз: бөліп төлеу неге көрінбейтін қарызға айналды? • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған •

    Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Үндістанда Air India ұшағының командирі рейс кезінде есірткі әсерінде болған. Оқиға салдарынан 20 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі зардап шекті, ұшақты екінші ұшқыш қондырды.

    Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды

    Сурет: turkystan.kz

    Үндістанда жолаушылар ұшағының командирі рейс кезінде есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды. Тест нәтижесі оның марихуана қолданғанын көрсеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Air India әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Пхукет – Нью-Дели бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Бастапқыда әуе компаниясы болған жағдайды қатты турбуленттікпен байланыстырған. Алайда кейін жүргізілген тексеру оқиғаға ұшақ командирінің жағдайы себеп болуы мүмкін екенін анықтаған.

    Куәгерлердің айтуынша, рейс кезінде командир кенеттен ұшақты басқаруды тоқтатып, өзін-өзі бақылаудан айырылған. Ол міндетін атқара алмай қалғандықтан, бортсеріктер оған шұғыл көмек көрсеткен. Осы сәтте ұшақ күрт төмендей бастаған. Салдарынан 20 жолаушы мен экипаждың төрт мүшесі зардап шекті. Кейін 17 адам ауруханаға жеткізілген.

    Әуе апатының алдын алуға екінші ұшқыш көмектескен. Ол басқаруды өз қолына алып, ұшақты межелі жерге аман-есен қондырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →