Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды

    8 жылға дейін жаза: Анасын пышақтап, шетелге қашқан қазақстандық жігіт Вьетнамда ұсталды

    Фото: Tengrinews.kz

    Қазақстандық азамат анасын пышақтағаннан кейін Вьетнамға қашып кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Былтыр қараша айынан бері халықаралық іздеуде болған күдікті елге экстрадицияланды.

    Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға 2025 жылдың күзінде болған. Күдікті үйінде алкоголь ішіп, кейін анасымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында әйелге пышақпен жарақат салған деген күдікке ілінген.

    Оқиғадан кейін ер адам полициядан бой тасалап, шетелге кеткен.

    «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», – деп хабарлады ведомство.

    Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Аталған қылмыс бойынша оған үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →