Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті
Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты адамзатқа қарсы қылмыс үшін өлім жазасына кесті. Бұл шешім 2024 жылғы билік ауысуынан кейін қабылданды.
Сурет: madeniportal.kz
Сирияның сот жүйесі елдің бұрынғы президенті Башар Асадқа қатысты үкім шығарды. Ол адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпталып, өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл шешім Сириядағы өтпелі кезеңде қабылданды. Башар Асад 2024 жылдың желтоқсанында биліктен кеткеннен кейін елден шығып, Ресейге барып, сонда баспана алған еді.
Қазіргі уақытта Сириядағы билік қарулы оппозицияның қолында. Өтпелі кезеңде елді Ахмед аш-Шараа басқарады. Башар Асад 2000 жылдан бері Сирияны басқарып, әкесі Хафез Асад қайтыс болған соң, баламасыз референдум нәтижесінде президенттікке келген болатын.
2024 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні қарулы оппозицияның содырлары Дамаскіге кірген кезде, Асад ұшақпен астанадан ұшып кеткен. Сол кезде Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Асадтың Ресейде қауіпсіз жерде екенін мәлімдеген.
Өлім жазасы туралы шешім — бұрынғы президентті адамзатқа қарсы қылмыстар бойынша кінәлі деп таныған сот ісінің нәтижесі.
