Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады

    Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылады. «Alpecon Group» компаниясы жаңғыртуға 2,3 млрд теңге инвестиция салады. Тәулігіне 600 тонна өнім өңдеу жоспарлануда.

    Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады

    Сурет: egemen.kz

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын шығаратын зауыт іске қосылмақ. «Alpecon Group» компаниясы бұл бағытта ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, кәсіпорынды жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салу көзделуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жоба шеңберінде «ATMO AGRO» ЖШС-нің өндірістік нысандарын сатып алу, технологиялық жабдықтарды жаңарту, өндірістік және қосалқы ғимараттарды жөндеу, сондай-ақ арнайы техника сатып алу жоспарланған. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, кәсіпорын тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдеу қуатына ие болады.

    Шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін инвестор қызанақ өсіруге арналған шамамен 2 300 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен де шикізат сатып алу көзделген. Бұл тәсіл қызанақты өсіру, оны қайта өңдеу және дайын өнім өндіруді біртұтас өндірістік жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.

    Жобаның басты маңызы – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, олардың қосылған құнын арттыру. Отандық қызанақ пастасын өндіру импортты алмастыруға және Қазақстанда өндірілетін өнім түрлерін көбейтуге ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →