Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды «19 жастағы хоккейші өлімі»: Сот атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарды Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО) Ресей Қазақстан арқылы Батысқа Украина жөнінде сигнал жібермегенін мәлімдеді 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды «19 жастағы хоккейші өлімі»: Сот атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарды Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО) Ресей Қазақстан арқылы Батысқа Украина жөнінде сигнал жібермегенін мәлімдеді

    35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды

    35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды

    Фото: © istockphoto.com

    Астанада тендерлік жобаларға инвестиция салуды ұсынып, алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 11 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 35 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok пен Threads әлеуметтік желілерінде жоғары табыс әкелетін инвестициялық жобалар туралы жарнамалар жариялаған. Қызығушылық танытқан азаматтарды бейнеқоңырау арқылы тендерлік жобаларға ақша салуға үгіттеп, ресми әріптестік пен қысқа мерзімде пайда табуға уәде берген.

    Өзінің ұсынысына сендіру үшін күдікті клиенттермен нотариус арқылы куәландырылған келісімшарттар жасаған. Алайда ірі көлемдегі қаражатты алғаннан кейін, тергеу нұсқасына сәйкес, уәдесін орындамай, ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның осыған ұқсас өзге де алаяқтық деректеріне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

    Полиция азаматтарды инвестициялық жобалар туралы ақпаратты мұқият тексеруге, жоғары табысқа кепілдік беретін уәделерге сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →