Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    «Жылдағы сорақылық»: Алматы облысындағы ауылда құбыр тағы жарылды

    «Жылдағы сорақылық»: Алматы облысындағы ауылда құбыр тағы жарылды

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысындағы Қырғауылды ауылының тұрғындары жыл сайын қайталанатын инфрақұрылым апатынан әбден шаршады, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Тәуелсіздік көшесінде кезекті рет құбыр жарылып, ауыз су қайтадан ашық-шашық көшеге ағып жатыр.

    Сапасыз жасалған құдықтар мен тозығы жеткен желілердің кесірінен жолдың асты ойылып, асфальттың талқаны шыққан. Округ әкімі Ержас Серғазыұлына халық сан рет шағымданғанымен, шенеуніктер тарапынан әлі күнге дейін нақты нәтиже болмай тұр.

    Жылда қайталанар бұл сорақылық ауыл тұрғындарының тынышын кетіріп, халықтың ашу-ызасын тудырды. Ашынған жұрт әкімдіктен құр сөзді қойып, бұл мәселеге тез арада түбегейлі шешім қабылдауды талап етіп отыр.

    Видео: @kyrgauyldy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →