Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады Астанадағы Президент саябағында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді Астанада «Болашақ ойындары» — фиджитал турнир басталды Ақтөбелік ата-ана ұлы Русланды 27 жыл бойы іздеп келеді «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады Астанадағы Президент саябағында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді Астанада «Болашақ ойындары» — фиджитал турнир басталды Ақтөбелік ата-ана ұлы Русланды 27 жыл бойы іздеп келеді «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті

    Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады

    Әнші Алтынай Жорабаева жолдасының қызы Айнараның ұзату тойына қатыспау себебін түсіндіріп, аза тұту дәстүріне байланысты екенін айтты.

    Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады

    Сурет: ozgeris.info

    Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жолдасы Әлішердің қызы Айнараның ұзату тойына неге қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әншінің айтуынша, бұған қайғылы жағдай себеп болған. «Жарты жыл бұрын қайын інім, Әлішердің бауыры кенеттен өмірден өтті. Сол қайғылы жағдайдан кейін Әлішер жақта бір жыл бойы аза тұтып, той-думанға қатыспау дәстүрі бар. Сондықтан Әлішер: “Мен тойға қатыса алмаймын. Бірақ қызымыз Айнараның ұзатуын кейінге қалдырмайық. Құдаларды күтейік, есік-төрімізді көрсетейік. Өзім қарсы алып, танысып, қонақ қыламын”, – деді», – деп жазды әнші.

    Сонымен қатар Алтынай Жорабаева жолдасының тойдың барлық дайындығына белсенді араласқанын айтып, оған алғысын білдірді. «Осы тойдың әрбір дайындығының басы-қасында жүрген де, бар жауапкершілігін көтерген де – Әлішер. Барлық жағдайды жасап, Айнараны абыройымен ұзатуға бар күшін салды. Сол үшін саған алғысым шексіз, Әлішерім. Алла қаласа, алда әлі талай қуанышымыз бар. Тұрмыс құрмаған төрт қызымыздың да тойын амандықпен бірге қарсы алып, бірге атап өтуді Алла нәсіп етсін. Әмин», – деп жазды өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →