Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев тұрғыны Қапшағай су қоймасында адамды құтқармақ болып қаза тапты Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді Қонаев тұрғыны Қапшағай су қоймасында адамды құтқармақ болып қаза тапты Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді

    Қонаев тұрғыны Қапшағай су қоймасында адамды құтқармақ болып қаза тапты

    Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде қаза тапты. Әкім Асхат Бердіханов көңіл айтты.

    Қонаев тұрғыны Қапшағай су қоймасында адамды құтқармақ болып қаза тапты

    Сурет: tengrinews.kz

    22 шілде 2026 жылы Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағында қайғылы оқиға болды. Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский суға батып бара жатқан адамды құтқаруға тырысып, өзі қаза тапты. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әкім: «Андрей Филипович Козятинскийдің қазасы туралы хабарды терең қайғымен қабылдадым. Ол Қапшағай су қоймасында басқа адамды құтқару үшін өз өмірін қиды. Бұл әрекет – нағыз ерлік, жанқиярлық және адамгершіліктің жоғары үлгісі. Шешуші сәтте Андрей шетте қалмай, қауіпсіздігін ойламай, қиын жағдайға тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай таңдауды тек үлкен жүректі, қайсар мінезді адам ғана жасай алады», – деп жазды.

    Әкім қала тұрғындары атынан Андрейдің әкесіне, ағасына, туыстарына және жақындарына көңіл айтып, жігіттің ерлігі қонаевтықтардың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті: «Бірнеше жыл бұрын дүниеден өткен анасы туралы жарқын естеліктер мен Андрейдің ерлігі оны білетіндердің жүрегінде мәңгі қалады. Оның батылдығы мен басқаны құтқару үшін өзін құрбан етуге дайындығы – шынайы қаһармандықтың, адамгершіліктің және жақынға деген сүйіспеншіліктің үлгісі», – деді Асхат Бердіханов.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 шілде 2026 жылы демалыс аймақтарының бірінде судағы жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, бір адам суға батып кеткен. Суға батып бара жатқан демалысушыны құтқаруға тырысқан демалыс базасының қызметкері қаза тапты.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Бердіханов Асхат Ермекұлы (@berdikhanov_askhat)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →