Екібастұзда сұмдық жағдай: Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды
Екібастұз қаласындағы қоқыс контейнерінен әйел адамның бөлшектелген денесі табылды. Құзырлы органдар Адам өлтіру бабымен іс қозғап, күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасуда.
Видеодан кадр
Екібастұз қаласында төбе шашты тік тұрғызатын оқиға орын алды. Қоқыс контейнерлерінің бірінен әйел адамның бөлшектелген денесі табылды. Мәйіттің бөлшектері бірнеше қапқа салынып, қоқысқа тасталған. Құзырлы органдар бұл дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.
Видео: jagdaikz
