Әскери киімдегілердің құрылыс салуы: Қорғаныс министрлігінің түсіндірмесі
Әлеуметтік желілерде әскери киімдегі адамдардың құрылыс жұмысы көрсетілген видео тарады. Қорғаныс министрлігі роликтің құрастырма екенін айтып, қызметтік тексеру бастады. Оқиға Шымкент әскери-техникалық мектебіне қатысты.
Сурет: tengrinews.kz
Әлеуметтік желілерде әскери киім киген адамдардың жеке учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқаны көрсетілген видео таралуда. Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Видеода бір топ жас жігіт әскери киіммен жүк көлігінің кузовында келе жатыр, содан кейін құрылыс алаңында жұмыс істеп жүр. Видео мәтінінде: «Надеемся, что компетентные органы объяснят, почему молодые люди в военной форме занимаются строительством непонятного объекта», – делінген.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарияланған ролик екі түрлі эпизодтан құрастырылған. Алғашқы кадрлар Шымкент әскери-техникалық мектебінің тыңдаушыларының әскери техникамен тактикалық сабаққа шығу кезінде түсірілген. Екінші бөлімде мектеп аумағындағы «парктік-шаруашылық күні» көрсетілген. Бұл кадрларда тыңдаушылар оқу орнының аумағын абаттандырып, тазалаған.

Шымкент әскери-техникалық мектебінің оқытушыларының бірі жағдайға түсінік берді. Ол мектеп тәрбиеленушілерінің әдеттегі сенбілік тазалық жұмыстарын жүргізгенін айтты. «Первый кадр сделали во время возвращения с полевого выхода, с учебных стрельб личного состава. По второму кадру хочу показать место, где проводится парко-хозяйственный день на территории школы. Согласно второму кадру, (вот – прим. ред.) место проведения парко-хозяйственного дня. Каждую субботу проводятся мероприятия в данном месте», – деді запастағы майор Аскар Мейрмов.
Осы түсіндірмелерге қарамастан, Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру бастады. Оның мақсаты – командирлердің тыңдаушыларды тазалық жұмыстарына тарту кезінде барлық ережелерді сақтағанын анықтау. Министрлік: «Қорғаныс министрлігі аталған жұмыстарды орындауға тыңдаушыларды тарту тәртібінің сақталуын тексеру үшін қызметтік тергеу тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Егер бұзушылықтар анықталса, кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстанда әскери есепке алу ережелері жаңартылғаны белгілі болды. Енді әскери қызметтен өтпеген немесе әскери дайындықтан өтпеген азаматтарға бейбіт уақытта қағаз әскери билеттер берілмейді.
