Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты

    Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында

    Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында

    Өңір тұрғындарының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы айына 353 мың теңгеге жетті. Бұл – елдегі орташа көрсеткіштен шамамен 40%-ға жоғары. Осы көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында екінші, ал облыстар арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

     Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бойынша деректерді жариялады. Мәліметке сәйкес, Ұлытау облысы жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарына енді.

    Қаңтар–наурыз айларында өңір тұрғындарының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 353 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында екінші орынға ие болды. Бірінші орында Алматы қаласы, мұнда жан басына шаққандағы табыс 408,2 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ өңір көрсеткіші 352,8 мың теңгені құраған Астана қаласынан сәл жоғары нәтиже көрсетті.

    Ал еліміздің облыстары арасында Ұлытау бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы — 323,7 мың теңге, Маңғыстау облысы — 288,9 мың теңге және Павлодар облысы — 284 мың теңге орналасқан.

    Жалпы Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 252,6 мың теңгені құрады. Осылайша Ұлытау облысының көрсеткіші республикалық орташа деңгейден 100 мың теңгеден астамға немесе шамамен 40%-ға жоғары.

    Айта кету керек, жан басына шаққандағы ақшалай табыс орташа жалақы деңгейіне қарағанда әлдеқайда ауқымды ұғым болып табылады. Бұл көрсеткішке тек еңбек ақысы ғана емес, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен түсетін кіріс және өзге де ақшалай түсімдер кіреді. Жалпы табыс сомасы өңірдегі барлық тұрғындар санына, оның ішінде балалар, зейнеткерлер және жұмыс істемейтін азаматтарды қоса есептеп бөлінеді.

    Ұлытау облысының жоғары көрсеткіші өңір экономикасының құрылымымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, аймақтағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі «Қазақмыс» компаниялар Тобы болып табылады. Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы, өндірістік және инвестициялық жобалардың іске асырылуы, сондай-ақ білікті мамандарға сұраныстың жоғары болуы халық табысының өсуіне және Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен облыстың өзге де елді мекендеріндегі іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етуде.

    Инфографика: «Қазақмыс»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →