Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты

    «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды

    «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды

    Фото: видео скриншот

    Петропавлдағы бес қабатты тұрғын үйдің астын сүт түстес, белгісіз лас сұйықтық басып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, подъездерде ашыған сүт пен майдың өткір иісі қолқаны қабады. Ылғалдың салдарынан ғимараттың іргетасы біртіндеп мүжіліп, үйдің бұзылу қаупі төніп тұр. Халық бұл жағдайға жақын маңдағы май-сыр зауытын айыптап, өндіріс қалдықтарын кәрізге заңсыз ағызып отыр деп топшылайды. Дегенмен бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

    Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер мен құзырлы органдар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →