Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтаудағы 16-үй маңындағы ашық құбырлар балаларға қауіп төндіреді АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр Қазақстанда тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді Оқушы жарақат алды: Астанада жеңіл көлік көкөніс дүкеніне кіріп кетті 24 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Ақ сәулем» әні: 70-жылдардан YouTube дәуіріне дейінгі хит Ақтаудағы 16-үй маңындағы ашық құбырлар балаларға қауіп төндіреді АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр Қазақстанда тамыздан бастап алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енеді Оқушы жарақат алды: Астанада жеңіл көлік көкөніс дүкеніне кіріп кетті 24 шілдеде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Ақ сәулем» әні: 70-жылдардан YouTube дәуіріне дейінгі хит

    Оқушы жарақат алды: Астанада жеңіл көлік көкөніс дүкеніне кіріп кетті

    Оқушы жарақат алды: Астанада жеңіл көлік көкөніс дүкеніне кіріп кетті

    Фото: © istockphoto.com

    Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенге кіріп кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан дүкен ішінде болған 15 жастағы қыз жарақат алды. Аталған факті бойынша полиция тергеу бастады.

    Оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында болған. Көлік Бөлекпаев көшесіндегі «Аяла Фруктс» дүкеніне соғылған.

    Кейін белгілі болғандай, Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік көкөніс сататын павильонға кіріп кеткен.

    Жас жүргізушінің тәжірибесіздігінен зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →