Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі Қазақстанда алименттерді аударудың жаңа тәртібі 2026 жылы күшіне енеді Нұрай ісі бойынша тың дерек шықты: айыпталушы 35 рет пышақ жарақатын салған Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі Қазақстанда алименттерді аударудың жаңа тәртібі 2026 жылы күшіне енеді Нұрай ісі бойынша тың дерек шықты: айыпталушы 35 рет пышақ жарақатын салған

    Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация

    Франция, Италия және Испанияда аномальды ыстықтан туындаған орман өрттері кеңінен таралып, адам өлімі мен мыңдаған адамның эвакуациялануына әкелді. Еуропадағы өрт ауқымы туралы толығырақ.

    Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация

    Сурет: newtimes.kz

    Еуропадағы аномальды ыстық ауа райы салдарынан бірқатар аймақтарда ірі орман өрттері тұтанды. Франция, Италия және Испанияда өрттер таралып, мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Еуронюс хабарлағандай, табиғи апат Франция, Италия және Испанияда жалғасуда. Францияның оңтүстік-батысындағы Жиронда департаментінде бір түн ішінде 10 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өрт 2 мың гектардан астам орманды жойып, Ле-Порж және Леж-Кап-Ферре бағытында кеңеюде. Өртті сөндіруге шамамен 500 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Францияда өртті сөндіру кезінде екі өрт сөндіру қызметкері қаза тапты. Ел билігі олардың отбасыларына көңіл айтты.

    Италияда да жағдай күрделі. Сицилияда өрттің салдарын жоюға шамамен 6 мың төтенше жағдай қызметкері тартылды. Сан-Катальдо ауданында өртті сөндіру кезінде Алессандро Марки атты өрт сөндіруші қызмет барысында қаза тапты.

    Ірі өрттер Испанияда да тіркелді. Мадридтен оңтүстік-батысқа қарай орналасқан ауданда тұрғындар эвакуациялануда, өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімшелері, техника және тікұшақ жұмылдырылды. Гвадалахара провинциясында өрт шамамен 32 мың гектар орман алқабын жойды.

    Еуропалық ақпараттық жүйенің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Еуропалық Одақ елдеріндегі орман өрттері шамамен 254 мың гектар өсімдікті жойған. Зардап шеккен аумақтардың ауданы орташа көпжылдық көрсеткіштен асып түсті.

    Алдыңғы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында бір тәулік ішінде 19 орман өрті жойылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →