Тергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда түрме қызметкерлері кәмелетке толмаған ұлды соққыға жыққан
Фото: видеодан скрин
Талдықорған қаласындағы №71 тергеу изоляторында жасөспірімнің соққыға жығылуына байланысты үлкен дау туындады. Қамаудағы баланың анасы мекеме қызметкерлерін өз ұлына күш көрсетті деп ашық айыптап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Шағымданушының сөзінше, ауыр соққыдан кейін жасөспірім басын да көтере алмайтын дәрежеге жеткен. Тіпті оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметкерлерін мекеме ішіне кіргізмей қойған.
Шарасыз ана баласының өмірі мен денсаулығы үшін шұғыл түрде көмек сұрап, тиісті органдардан әділдік талап етуде.
Қараз жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиға бойынша қазіргі уақытта құзырлы мекемелерден ресми түсініктеме күтілуде.
