Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Курьердің қырағылығы: Алматыда зейнеткер 3 мың долларын алаяққа беріп жібермек болған Кипрдегі қателік: «Қайрат» бір футболшымен артық ойнаса да, «Омониядан» жеңіліп қалды Тергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда түрме қызметкерлері кәмелетке толмаған ұлды соққыға жыққан Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды «Жол қараусыз қалған»: «ҚазАвтоЖолға» қатысты халықтың наразылығы күшейді Қазақстандық жасөспірім нысанаға оқ отудан әлем чемпионы атанды Курьердің қырағылығы: Алматыда зейнеткер 3 мың долларын алаяққа беріп жібермек болған Кипрдегі қателік: «Қайрат» бір футболшымен артық ойнаса да, «Омониядан» жеңіліп қалды Тергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда түрме қызметкерлері кәмелетке толмаған ұлды соққыға жыққан Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды «Жол қараусыз қалған»: «ҚазАвтоЖолға» қатысты халықтың наразылығы күшейді Қазақстандық жасөспірім нысанаға оқ отудан әлем чемпионы атанды

    Курьердің қырағылығы: Алматыда зейнеткер 3 мың долларын алаяққа беріп жібермек болған

    Курьердің қырағылығы: Алматыда зейнеткер 3 мың долларын алаяққа беріп жібермек болған

    Алматыда курьерлік қызмет қызметкерінің қырағылығы мен азаматтық жауапкершілігінің арқасында егде жастағы әйел барлық жиған-терген қаражатынан айырылып қалудан аман қалды.

    Тапсырыс бойынша жеткізуге келген курьер зейнеткерден ішінде джинсы шалбары мен бірнеше банкі бар пакетті алған. Десе де, курьерге әйелдің өзін-өзі ұстауы күмәнді болып көрінеді: ішінде не барын сұрағанда, зейнеткер нақты жауап беруден қашқақтаған. Күмән ұялатқан жағдайдан кейін ер адам ары қарай жүруді тоқтатып, бұл туралы дереу полицияға хабарлайды.

    Түрксіб аудандық полиция қызметкерлері айтылған мекенжайға жедел жетеді. Тексеру барысында зейнеткерге алаяқтардың қоңырау шалғаны анықталды. Олар өзін шетелде жүрген туысы ретінде таныстырып, шұғыл көмек қажет деген сылтаумен әйелді бар жиған-тергенін беруге көндірген. Оған қоса, қылмыскерлер оны толық адастыру үшін «декларацияланбаған ақшалай қаражатты тексеру» шарасы жүріп жатқанын айтып, қолма-қол ақшаны жалған декларациялауға тапсыруды талап еткен.

    Алаяқтардың арбауына сеніп қалған әйел 3 мың АҚШ долларын джинсының қалтасына жасырып, пакетке басқа да заттармен бірге салып, курьерге ұстатқан. Курьердің дер кезінде күмәнданып, бейжай қарамауының арқасында қылмыскерлердің арам ойы іске аспай қалды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға бейтаныс адамдардың телефон қоңырауларына сенбеуді және қаржылық әрекеттер жасамас бұрын жақындарымен кеңесуді ескертеді.

    Фото: 24.kz

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →