Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Жастар арасында қатерлі ісікпен ауыратындар көбейді — ғалымдар

    Жастар арасында қатерлі ісікпен ауыратындар көбейді — ғалымдар

    Фото: stan.kz

    Жастар арасында қатерлі ісіктің кейбір түрлері жиі анықталып жатыр. Мұның себептерінің бірі — ағзаның биологиялық қартаюының жеделдеуі. Мұндай қорытындыға Вашингтон университетіндегі медицина мектебінің ғалымдары келді, деп хабарлайды DW-ге сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Германиядағы Қатерлі ісікті зерттеу орталығының (DKFZ) мәліметінше, елде 20-39 жас аралығындағы адамдар арасында тоқ және тік ішек обырына шалдығу көрсеткіші айтарлықтай көбейген. Осындай үрдіс АҚШ-та да байқалады, әрі онда көрсеткіш бұдан да жоғары. Сонымен қатар зерттеушілер жастар арасында сүйек кемігінің қатерлі ісігі мен жатыр обырының көбейгенін атап өтті.

    Ғалымдар көп науқаста хронологиялық жас пен биологиялық жас арасында елеулі айырмашылық бар екенін анықтаған. Хронологиялық жас адамның өмір сүрген жылдарымен өлшенсе, биологиялық жас ағзаның қаншалықты тозғанын көрсетеді. Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі жастардың ағзасы бұрынғы буындарға қарағанда жылдамырақ қартаюы мүмкін.

    Сонымен қатар зерттеу авторлары әзірге биологиялық қартаюдың жеделдеуі мен қатерлі ісік қаупінің артуы арасында тек байланыс анықталғанын, ал олардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс дәлелденбегенін атап өтті.

    Зерттеушілердің бірі Рон Яхимовичтің айтуынша, биологиялық жасқа әсер ететін факторлардың шамамен жартысы генетикаға байланысты, ал қалған жартысына адамның өзі ықпал ете алады. Биологиялық қартаюды баяулатуға тұрақты дене белсенділігі, жеткілікті ұйқы және теңгерімді тамақтану көмектеседі. Ал жас кезден семіздік, қимыл-қозғалыстың аздығы және ұйқының жеткіліксіздігі қартаю үдерісін жеделдететін факторлардың қатарына жатады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →