Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулынан бас тартты Қостанайдағы қырғын: жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысып, екі адам көз жұмды Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулынан бас тартты Қостанайдағы қырғын: жеңіл машина жүк көлігімен соқтығысып, екі адам көз жұмды Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды

    Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған

    Қазақстанда жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған

    Фото: gov.kz

    Елімізде жұмыспен қамту саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс оң нәтижесін көрсеткен. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 249 598 адам жұмыс тапқан.

    Жыл басынан бері 96 415 қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрақты жұмыс орындарына орналасқан азаматтар саны 30 мыңнан астам адамға артқан. Бүгінде жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс пен толық әлеуметтік кепілдіктерге ие болып отыр.

    Сонымен қатар еңбек нарығының құрылымында да оң өзгерістер байқалады. Бұрын жұмыспен қамтудың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарының үлесіне тиесілі болса, бүгінде басымдық ұзақ мерзімді жұмыспен қамтуға беріліп отыр. Уақытша жұмысқа орналасқандар саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін қысқарды. Бұл халықты жұмыспен қамтудың анағұрлым орнықты моделіне көшу үрдісін айғақтайды.

    Тұрақты жұмыспен қамтудың артуы еңбек нарығын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан кешенді мемлекеттік жұмыстың нәтижесі болып отыр. Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл кеңейтіліп, Enbek.kz электрондық еңбек биржасының цифрлық сервистері жетілдірілуде, сондай-ақ экономиканың нақты сұранысына бейімделген кәсіптік оқыту бағдарламалары мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылып жатыр.

    Еңбек нарығындағы оң үрдіс негізгі көрсеткіштерден де көрініс тауып отыр. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, жалдамалы жұмыскерлер қатары шамамен 150 мың адамға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% деңгейінде сақталып отыр.

    Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру және азаматтардың кәсіби біліктілігін дамыту бағытындағы жұмыс жалғасады. Негізгі міндет – әрбір қазақстандықтың тұрақты табыс көзіне айналатын, ресми еңбек қатынастары рәсімделген және лайықты еңбекақы төленетін жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

    Тұрақты жұмыс орындарын құру халықтың әл-ауқатын арттырудың, экономиканың орнықтылығын нығайтудың және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі болып қала береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →