Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады

    «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады

    Фото: видеодан скрин

    Жетісу облысында жеңіл көлік тасжолға құлаған ағашқа соғылып, салдарынан жүргізуші зардап шеккен.

    Instagram-дағы Krisp.tdk паблигінде үлкен ағаш автокөлікке құлағаны туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада оқиғаның Ескелді ауданына қарасты Жетісу ауылының қасында болғаны айтылған.

    Бұған қатысты Жетісу облыстық ТЖД пікір білдірген. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 шілдеде болған.

    Қатты жел салдарынан Қарабұлақ-Текелі автожолының «Өмір бұлақ» маңында жолдың жүру бөлігіне ағаш құлап, оған Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

    «Көлікте бес адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Көлікте қысылып қалған адамдар болған жоқ», — делінген хабарламада.

    ТЖД қызметкерлері ағаштың бұтақтарын кесіп, жолдың жүру бөлігін ішінара тазалап, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз еткен.

    Жетісу облыстық ТЖД жүргізушілерге қатты жел кезінде жолда барынша сақ болып, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →