Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады «Ішінде 5 адам болған»: Талдықорған-Текелі тасжолында алып ағаш көліктің үстіне құлады Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО)

    Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды

    Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды

    Фото: depositphotos.com

    Таиландтан Қазақстанға халықаралық сәлемдемелер арқылы есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бас прокуратураның мәліметінше, Алматыда алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша сот оны есірткі контрабандасын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныған.

    Тергеу және сот барысында анықталғандай, сотталушы гашиш майын сәлемдемелердің ішіне жасырып, оларды ештеңеден хабарсыз туыстары мен таныстарының атына рәсімдеу арқылы елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, жалпы салмағы 5,7 келіден асатын каннабис сығындысын тәркілеген.

    Сонымен қатар, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылған. Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →