Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы

    Қаржы мониторингі агенттігі үш украиналық азаматты халықаралық іздеуге жариялады. Олардың екеуі 1 млрд доллар айналымы бар онлайн-казино ісіне қатысты деп күдіктеледі.

    Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы

    Сурет: tengrinews.kz

    Бір миллиард долларға жуық айналымға ие онлайн-казино ісіне қатысы болуы мүмкін үш шетел азаматы Астана қаласының экономикалық тергеу департаменті тарапынан халықаралық іздеуге жарияланды. Олардың екеуі аталған іспен және заңсыз трансшекаралық аударымдармен байланысты болуы ықтимал, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, Іван Шевченко, Олена Суворова және Вадим Гордиевский есімді үш украиналық он күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды. Іздеуді ҚМА бастамашы етіп, Астана бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізуде. Іздеу базасында көрсетілген адамдардың не үшін күдікке ілінгені нақтыланбаған.

    Алайда, іздеудегі екі адамның есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталып өткен. Вадим Гордиевский мен Олена Суворова шетелдік басылымдардың жарияланымдарында үнемі кездесіп жүр. Оқиға 2025 жылдың желтоқсанында басталған. Сол кезде ҚМА онлайн-казино схемасын жолын кескенін хабарлаған болатын. Алаяқтар «сұр» терминалдар мен жалған келісім-шарттарды қолданып, казино төлемдерін кәдімгі заңды аударымдар ретінде бүркемелеген. Заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 миллиард теңгеден (1 миллиард доллар) асқан. Сонымен қатар, кол-орталық ұйымдастырушылары криптовалютада қаражат қабылдап, шығаратын серіктестік бағдарлама құрған. Олардың айналымы 200 миллион USDT-ден (шамамен 103 миллиард теңге) асқан.

    Тергеу барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, төлем ұйымдары қауымдастығының жоғары менеджерін қоса алғанда, тоғыз адам тергеу изоляторына қамалған. Тағы сегіз шетелдік ұйымдастырушыны халықаралық іздеуге жариялау жоспарланған. Жаңалық жарияланғаннан кейін шетелдік БАҚ бұл істі Олена Суворова мен Вадим Гордиевскиймен байланыстыра бастады. Мысалы, украиналық Vlasti басылымы микскодинг (төлемдердің нақты мақсатын жасыратын көлеңкелі қаржы схемасы) схемасының негізгі ұйымдастырушысы украиналық Вадим Иванович Гордиевский екенін жазды. Басылым деректері бойынша, ол осы мақсатта Marginplus компаниясын пайдаланған, ал Олена Суворова оның сыбайласы болған. Бұл туралы тағы бір украиналық портал – «Антикор» да хабарлады: «Қазақстандық құқық қорғау органдары заңсыз қаржы схемаларына қатты соққы беріп, Marginplus компаниясының шоттарын бұғаттап, барлық транзакцияларын тоқтатты. Бұл ұйым украиналық азаматтар Вадим Гордиевский, Лариса Ивченко және Елена Суворова құрған ақша жуу жүйесінің негізгі буыны ретінде танылды. Олардың қызметі Redcore және Pin-Up ресейлік онлайн-казиноларынан түскен пайданы иесі Дмитрий Пуниннің мүддесіне өңдеуге және заңдастыруға бағытталған».

    «Антикор» порталының мәліметінше, Гордиевский бұрын украиналық жоғары лауазымды шенеунік болған. 2000-жылдардың соңында ол Борисполь аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарса, 2012 жылы Одесса облысының жол қызметін басқарған. Сондай-ақ Вадим Гордиевский айыпталушыларға кепілдік ақша беріп отырған «Альта Капитал» қаржы компаниясының директоры болған. Басылым деректері бойынша, Украинадан ол жалған құжаттармен қашқан, өйткені жергілікті Ішкі істер министрлігі оны іздеуге жариялап, құқық қорғау органдары алаяқтық және қаржылық қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаған. Олена Суворова болса, сол порталдың мәліметінше, өзін кәсіпкер, криптоинвестор және бес жылдан астам тәжірибесі бар трейдер деп атайды. Ол шамамен 10 жыл қаржы технологиялары саласында жұмыс істеп, 2021 жылы халықаралық криптоаударымдар бойынша бизнес бастап, LemonCoin криптоакадемиясын құрған.

    Еске сала кетейік: мамыр айында ҰҚК бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейді іздеуге жариялаған болатын. Бірқатар жарияланымдарда Фрэнк Монстрей қашқын қылмыскер Мұхтар Әблязовпен ықтимал байланысы және Nostrum Oil & Gas мұнай-газ компаниясының активтеріне қатысты даулар тұрғысында аталып өткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →