Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады 7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында ауыр жол апаты болды «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады 7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында ауыр жол апаты болды

    Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады

    2026 жылы тамызда Қазақстанда «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады. 45 млрд теңге бөлініп, жұмыс істейтін әйелдерге арналған. Несие шарттары мен талаптары.

    Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады

    Сурет: nur.kz

    Қазақстанда тамыз айында жеңілдікті ипотека «Ұмай» іске қосылады. Оны ресми табысы бар жұмыс істейтін әйелдер ала алады. Бағдарламаға 45 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Крыша» порталының мәліметінше, өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы тамызға жоспарланған, ал бірінші қаражат бөлініп қойған. Барлығы 45 млрд теңге бөлу көзделген. Маңыздысы: «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына тек ресми табысы және соңғы 6 айда зейнетақы аударымдары бар әйелдер ғана қатыса алады.

    «Ұмай» ипотекасының шарттары қандай? Бағдарлама операторы «Отбасы банк» мөлшерлемені әзірге жариялаған жоқ, бірақ сарапшылардың пікірінше, алғашқы жылдары ол 15% шамасында болады, кейін 3,5–5%-ға дейін төмендейді. Несие шарттары: ең жоғары сома – 50 млн теңге, мерзімі – 25 жылға дейін. Бастапқы жарна ірі қалаларда – 20%, өзге өңірлерде – 15%. Сатып алынатын тұрғын үй 2016 жылдан кейін салынған болуы керек, бірінші немесе екінші деңгейдегі нарықтан сатып алуға болады. Екі қосымша қарыз алушыны тартуға және бастапқы жарнаға зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етіледі. Бағдарлама бірінші тұрғын үйді сатып алуға да, қолданыстағы жағдайды жақсартуға да мүмкіндік береді – жылжымайтын мүлік санына шектеу жоқ.

    Өтінімдер балдық жүйе бойынша іріктеледі: депозитте қаражат көп болған сайын, банк сыйақысы жоғары, тиісінше іріктеу кезінде көп балл беріледі. Сондықтан әлеуетті қатысушыларға әлі депозиті жоқ болса, оны қазір ашқан дұрыс.

    Айта кетейік, «Ұмай» бағдарламасын Азия даму банкі қаржыландырады. Банк барлығы 90 млрд теңге бөледі, ол әйелдер және «жасыл» ипотека арасында бөлінеді.

    Сондай-ақ, бұған дейін Қазақстанда несие беру шарттарын қатайту және ипотека бойынша ең жоғары мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендету туралы шешімнен бас тартылды. Оның орнына бастапқы жарна мөлшеріне байланысты сараланған шекті жылдық тиімді мөлшерлеме енгізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →