Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    Фото: © istockphoto.com

    Қостанай облысында бруцеллез анықталған 23 сиыр санитарлық союға жіберілді. Ауру бір ауылдық округтен тіркелгендіктен, ветеринарлар аталған аумақта шектеу шараларын енгізді.

    КТК телеарнасының мәліметінше, Қазанбас ауылдық округінде малды әкелуге және әкетуге уақытша тыйым салынған. Сондай-ақ тұрғындарға әзірге шөп, сабан, ет және сүт өнімдерін сатуға рұқсат жоқ.

    Ветеринарлар тексерген 323 бас малдың 23-інен бруцеллез анықталған. Ауру жұқтырған мал дереу санитарлық жоюға жіберілді.

    Қазіргі уақытта адамдар арасында жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда жыл басынан бері екі адам бруцеллезбен ауырған. Соған қарамастан, жауапты органдар өңірдегі эпизоотиялық ахуал бақылауда екенін және былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен екенін мәлімдеді.

    «Қазіргі уақытта инфекция ошағын толық жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында кешенді сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық дәрігері Саян Жансұлтанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →