Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады •

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстан экономикасына 30 млрд доллар инвестиция салғанын және екіжақты сауда көлемі рекордтық 49 млрд долларға жеткенін мәлімдеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, саяси сенімнің арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы екіжақты сауда көлемі рекордтық көрсеткішке – 49 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Қазір Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде CNPC, CITIC және Huawei сынды ірі компаниялар бар. Президент қытайлық бизнес өкілдерінің Қазақстан экономикасын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалап, бірлескен жобалардың табысты жүзеге асырылғанын атап өтті.

    Өткен жылдары елдер көптеген маңызды жобаны бірге іске асырған, соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, озық технологиялар енгізіліп, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық нығайған. Атап айтқанда, Sinopec компаниясымен ірі газ-химия кешені, Fufeng Group компаниясымен жүгеріні терең өңдеу зауыты, Lihua Group компаниясымен заманауи мақта-тоқыма кластері құрылысы қолға алынған. Сондай-ақ Қытайдың автокөлік өндірушілері Қазақстанда өндіріс орындарын ашқан. Қазіргі уақытта HOWO, Yutong және JAC брендтерінің автомобильдері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылған. Президент бұл жобалар екіжақты әріптестіктің инновацияға, озық технология мен өнеркәсіпті жаңғыртуға негізделгенін көрсететінін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →