Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті • Алматыда 15 минутта жалған медициналық анықтама беретін орталық карантинге жабылды • Тоқаев Бакуде Әлиевпен кездесіп, стратегиялық серіктестікті тереңдетуге келісті • Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті • Алматыда 15 минутта жалған медициналық анықтама беретін орталық карантинге жабылды • Тоқаев Бакуде Әлиевпен кездесіп, стратегиялық серіктестікті тереңдетуге келісті • Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады •

    Астанадағы базарда жарылыс: үш адам жараланды

    Астанадағы базарда болған жарылыстан үш адам зардап шекті. Оқиға Байқоңыр ауданындағы әкімшілік ғимаратта орын алған.

    Астанадағы базарда жарылыс: үш адам жараланды

    Сурет: kaztag.kz

    Астананың Байқоңыр ауданындағы базарда екі қабатты әкімшілік ғимаратта жарылыс болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ш. Жиенқұлова көшесіндегі базар аумағында орналасқан ғимараттың бірінші қабатында тандыр самсасын дайындайтын бөлмеде газ-ауа қоспасының жарылуы орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 50 литрлік композитті газ баллонының герметикалығы бұзылған. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ бөлімшелері келген. Барлау барысында құтқарушылар үш жарақаттанған адамды тапқан. Олардың барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылған.

    Жарылыс салдарынан төбе жабыны мен есік ойығы жартылай опырылған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →